Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Апат айтып келмейді, бірақ қайтып келеді": Әбдікәрімова жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Алматыда болған жер сілкінісіне қатысты өз ойын айтып, желіде азулы жазба жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Жұлдыз Әбдікәрімова зілзала жайлы ескертпе хабарлама келмегеніне шүйлігіп, қиын сәтте такси бағасын қымбаттатып жібергендердің әрекетін сынға алды.

"Алматылықтар амансыздар ма? Оңтүстік астанада жер сілкініп, 44 адам түрлі жарақат алған. Ұялыға ескертпе хабарлама келмеген, дабыл сиренасы болмаған. Неге? Үйде жайбарақат жатқан жұрт бірі жалаңаш, бірі баласын құшақтап далаға шыққан. Ал енді бірі осы сәтті пайдаланып өзге үйлерге кіріп, қолына түскенін ала қашқан. Бұл арпалысты такси қызметкерлері де пайдаға асырып баққан. Такси құны 10 мың теңгеге дейін көтерілген. Қолайсыздық кезінде жүгенсіз кететін таксопарк тарифін қашан бақылауға аламыз осы", - деп жазды актриса.

Оған қоса өнер иесі әр алматылықта дабыл сөмкесі болуы керек екенін жеткізді.

"Апат кезіндегі алғашқы әрекет пен жолсөмкені дайындау туралы ақпараттың тиісті деңгейде таратылмайтыны тағы бар. Алматы қауіпті сейсмикалық зона болғандықтан әр үйде "тревожный чемоданчик" болуы міндетті дер едім", - деп жазды Әбдікәрімова Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057184-apat-aityp-kelmeidi-biraq-qaityp-keledi-abdikarimova-zer-silkinisine-qatysty-pikir-bildirdi/