Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Раббысына қайтты": Бағлан Әбдірайымовтың әкесі өмірден озды

Жарияланған күні:

Бағлан Әбдірайымов әкесімен
Бағлан Әбдірайымов әкесімен. Фото: instagram.com/baglan_abdraimov_official

"Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымовтың әкесі өмірден озды. Қаралы хабарды өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ардақты, ағайын! Асқар тау әкем Раббысына қайтты. Не деген ауыр хабар еді… Қандай жақсы адам едің…", - деп жазды әнші.

Әншіге оқырмандары мен өнердегі әріптестері көңіл айтып жатыр. Жігер Ауыпбаев, Айдар Тұрғамбек, Ләйлә Сұлтанқызы, Қалқаман Сарин сынды өнер жұлдыздары мен танымал тұлғалар Әбдірайымовтың қайғысына ортақтасқан.

KAZ.NUR.KZ ұжымы Бағлан Әбдірайымов пен оның отбасына қайғырып көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057243-rabbysyna-qaitty-baglan-abdiraiymovtyn-akesi-omirden-ozdy/