Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ғашықпын": Желіде Айдар Асқарбектің Анар Батырханға сезімін білдірген сәттің видеосы тарады

Жарияланған күні:

Айдар Асқарбек пен Анар Батырхан
Айдар Асқарбек пен Анар Батырхан. Видеодан кадр: Instagram/zhulduz_qaz

Әлеуметтік желіде актер Айдар Асқарбекпен өнердегі әріптесі Анар Батырханның видеосы тарап, ел арасында қызу талқыға түсті. Бейнежазбада Аша Матайдың ағасы актрисаға сезімін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аталмыш видео Instagram желісіндегі zhulduz_qaz парақшасында пайда болды. Онда қос жұлдыздың Tik-Tok желісіндегі тікелей эфирінен үзінді жарияланған.

Бейнежазбада Айдар Асқарбектің Анар Батырханға сезімін білдіргені көрініс тапты. Ол өнердегі әріптесіне ғашық болып қалғанын айтып, оны таңғалдырған.

"Мен саған ғашық болып қалдым. Не болды? Басқа мағынасы бар ма бұл сөздердің?", - деді Айдар Асқарбек.

Анар Батырхан үшін бұл күтпеген жағдай болған.

"Бұл қалай болғаны? Біз дос едік қой?! Осының барлығын мыңдаған адамның көзінше айту керек па? Өзіме жеке айтсаң да болар еді", - деп таңғалды актриса.

Кейін Анар Батырхан халық арасында тарап кеткен видеоға қатысты пікір білдірді. Актриса оның барлығы тікелей эфирде ойын кезінде бәстесіп, қалжың ретінде жасалған дүние екенін түсіндірді.

Айта кетейік, Айдар Асқарбек бұған актриса Жарқынай Ханайымға үйленген болатын. Алайда қос әртістің некесі сәтсіз болып, екеуі ажырасып кеткен еді. Ерлі-зайыптының ортақ қызы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057250-gasyqpyn-zelide-aidar-asqarbektin-anara-batyrxanga-sezimin-bildirgen-sattin-videosy-tarady/