Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыр хәлде жатқан Құрманай Бақтиярқызының қазіргі жағдайы белгілі болды

Жарияланған күні:

Құрманай Бақтиярқызы
Құрманай Бақтиярқызы. Фото: instagram.com/kurmanai_bakhtiarkyzy

Отандық танымал әнші Алтынай Жорабаева ауыр хәлде жатқан белгілі ақын Құрманәлі Бақтиярқызының қазіргі жағдайын айтты. Сөзінше, өнер иесі оянып, жағдайы біршама жақсарып қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева жақсы жаңалықты Instagram парақшасында хабарлаған.

"Аллаға шүкір. Құрманайымыз ояныпты. Алла осы мықтылығыңнан айырмасын, Құрмашым. Бала-шағаңа, ата-анаңа аман-есен, он екі мүшең сау болып қосылуыңды нәсіп етсін Алла", - деп жазды эстрада жұлдызы.

Алтынай Жорабаеваның Stories-i
Алтынай Жорабаеваның Stories-i. Скриншот: Instagram/altynaizhorabayeva

Айта кетейік, бұған дейін белгілі ақын Құрманай Бақтиярқызының денсаулығы сыр беріп, ауыр хәлде жатқаны белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057403-auyr-xalde-zatqan-qurmanai-baqtiyarqyzynyn-qazirgi-zagdaiy-belgili-boldy/