Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

26 жастағы украин қызы "Жапон аруы-2024" байқауының жеңімпазы атанды

Жарияланған күні:

Каролина Сиино
Каролина Сиино. Фото: missnippon.j

Украинаның Тернополь қаласында дүниеге келген Каролина Сиино "Жапония аруы-2024" байқауының жеңімпазы атанды. 26 жастағы арудың жеңісі желіде қызу талқыға түсуде, деп хабарлайды ВВС-дің Орыс қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Каролина бұл байқауда ең алғаш жеңіске жеткен жасы үлкен ару және Жапония жерінен тыс туған жеңімпаз болып шықты.

"Жапония аруы" байқауы
"Жапония аруы" байқауы. Фото: twitter.com/ibf_japan

Байқаудың тәжін алған Каролина жылап тұрып, жапон тілінде жеңісінің түске ұқсайтынын айтты.

"Өз есімімді естігенде, көз жасымды тоқтата алмадым. Мені жапон аруы ретінде қабылдамаған болатын. Сондықтан осы байқауда жеңісті маған беріп, мені жапон аруы ретінде қабылдағандарына ризамын", - деді Каролина Сиино.

Каролина 1998 жылы Тернополь қаласында қарапайым украин отбасында дүниеге келген. Кейін Каролинаның анасы Жапония азаматына тұрмысқа шығып, олар Нагоя қаласына қоныс аударған. Бұл кезде "Жапония аруы" 5 жасар болған. Кейін ол жапон тілін тез үйреніп, ортаға сіңісіп кетеді. Алайда бойжеткен өсе келе өзінің жергілікті аруларға ұқсамайтынын байқайды.

"Жапония аруы" байқауы
"Жапония аруы" байқауы. Фото: missnippon.jp

Каролина Жапония азаматтығын алғаннан кейін "Жапония аруы" байқауына өтініш береді.

"Жапония аруы" байқауы
"Жапония аруы" байқауы. Фото: missnippon.jp

Бойжеткеннің айтуынша, ол мұны сырт келбеті үшін бағаламайтын қоғам орнату мақсатында жасаған.

Каролина Сиино
Каролина Сиино. Фото: twitter.com/iv_tanonews

Каролинаның "Жапония аруы" атағын алуы қоғамда қызу пікірталас тудырған. Желі қолданушыларының бірі Каролинаның жеңісін заман ағымына сай деп есептесе, екінші топ "Жапония аруының" келбеті басқа болуы керектігін айтуда.

"Бұл қыздың Жапонияға түк қатысы жоқ. Ол 100 пайыз украин қызы. Ол өте әдемі. Бірақ байқау "Жапония аруы" деп аталады", "Ол тіпті Жапонияда туылмаған", "Еуропалық сырт келбеті бар аруды "Жапония аруы" деген дұрыс емес", - деп жазды жергілікті тұрғындар.

Ал байқаудың басты ұйымдастырушысы Ай Вада Би-би-сиге берген сұхбатында Каролинаның бұл атаққа лайық екенін айтты.

"Ол жапон тілінде таза сөйлейді және өте сауатты жазады", - деді Ай Вада.

Ал Каролина әлеуметтік желіде Жапония елінде өспесе де, осы елдің мәдениетін бойына сіңіріп өскенін айтты.

Каролина Сиино - "Жапония аруы" байқауының 56-шы жеңімпазы. Аталмыш байқау Жапонияды 1950 жылдан бері өткізіліп келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057452-26-zastagy-ukrain-qyzy-zaponiya-aruy-baiqauynyn-zenimpazy-atandy-foto-video/