Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасымды сақтап қалуға тырыстым": Шынар Меджанова күйеуімен қайта қосылу жайлы айтты

Жарияланған күні:

Шынар Меджанова
Шынар Меджанова. Фото: Instagram/shynar_mejanova

Отандық танымал блогер Шынар Меджанова бұрынғы күйеуімен қайта қосылуға қатысты пікір білдірді. Ол өміріндегі түрлі жағдайға қарамастан отбасын барынша сақтап қалуға тырысқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шынар Меджанова бүгінде жолдасына деген өкпе-реніші жоқ екенін алға тартып, ұлы мен әкесінің қарым-қатанысына қатысты жауап берді. Желі жұлдызы бұрынғы күйеуінің баласымен араласқанына мүлдем қарсы емес екенін айтты.

"Мен бала мен әкенің байланысына ешқандай қарсылығым жоқ. Баласын көргісі келсе, әрине көрсетемін. Бірақ мен онымен қайта қосылмаймын. Түбегейлі жоқ. Бұл адам менің өмірімде жоқ. Алайда ол қалай болса да баламның әкесі болып қалады. Мен оны жақсы көрдім. Бірақ қателестім. Ешқандай өкпе-реніш, өкініш жоқ. Аллаға шүкір. Баламды көрген сайын Аллаға алғысымды айтамын. Осындай құлыншағым, өмірімнің мәні бар. Болған іс болды. Екеуміздің қосылғанымыз осы бала туу үшін керек болған шығар деп ойлаймын. Бұл да Алланың бір жоспары шығар", - деді блогер ару.

Сонымен қатар Меджанова арадағы келіспеушілікке қарамастан отбасын сақтап қалуға бар күшін салғанын жеткізді. Алайда ақыры жолдасымен ажырасып тынды.

Блогер ару отбасылық жанжалда күйеуінен басқа тағы бір адам болғанын айтып, қыз-келіншектерге бөлек тұруға кеңес берді.

Мен отбасымды барынша сақтап қалуға тырыстым. Ажырасқаннан кейін отбасыдан көңілім қалған жоқ. Мен адамнан қателестім. Бүкіл ер азамат атаулысынан емес, нақты бір адамнан қателестім. Отбасылы болу - бақыт. Барынша отбасыны сақтап қалу керек. Бірақ әр түрлі жағдай болады. Менің жағдайымда ол мүмкін емес еді. Біз екі түрлі адам болдық. Соңы бәрібір осындай болар еді. Ондай болмаудың бір нұсқасы болды. Бұл қарым-қатынаста екеуіміз ғана болсақ. Бірақ біз өкінішке орай, екеуіміз ғана болған жоқпыз. Араласатын адамдар болды, нақты бір адам болды. Екеуің болғанда қанша ұрыссаң да, түбі ит болып келіп қайта қосыласың. Ал үшінші адам болғанда соның көңіліне қарап қалады. Үшінші адам болмау керек. Бөлек тұрған да дұрыс", - деді блогер "Мамский әңгіме" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057474-otbasymdy-saqtap-qaluga-tyrystym-synar-medzanova-kuieuimen-qaita-qosylu-zaily-aitty/