Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қабіріңіз құранмен нұрлансын": Бағлан Әбдірайымов марқұм әкесіне жазба арнады

Жарияланған күні:

Бағлан Әбдірайымов әкесімен
Бағлан Әбдірайымов әкесімен. Фото: instagram.com/baglan_abdraimov_official

"Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымовтың әкесі бірнеше күн бұрын өмірден өтті. Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында марқұм әкесіне жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші кеше әкесін жер қойынына тапсырған.

"Алла алдыңыздан жарылқасын, әке! Жақсы амалмен, көркем мінезіңізбен Алла сүйіншілесін! Қабіріңіз құранмен нұрланып тұрсын", - деп жазды Бағлан Әбдірайымов.

Сонымен қатар өнер иесінің қайғысына әріптесі Жаұслан Базарбаев жоқтау арнаған.

"Жігіттің біреуі едің, бағы қалың. Бекем бол, сабырлы бол, нар ұланым.

Алланың жазуына көндігеміз, өмірдің жалғандығы жағы мәлім.

Әкеміздің иманы жолдас болсын!

Қырық жаста жетім қалған, Бағыланым", - деп жазды Жасұлан Базарбаев.

Сондай-ақ әншінің қазасына ортақтасып, Түркістан қаласының әкімі де көңіл айту жеделхатын жолдаған.

"Асқар тау ағамыз Рашид Сайранбайұлының мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты қайғырып, көңіл айтамын.

Рашид Сайранбайұлы өскелең ұрпақ тәрбиелеуде, білім саласының дамуына саналы ғұмырымен барлық күш-жігерін арнады. Ардақты ағамыздың жарқын бейнесі мен ізгі істері елдің жүрегінде әрдайым сақталады. Әкеңіздің иманы саламат, жаны жәннатта болсын", - деп жазды Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков.

Еске сала кетейік, екі күн бұрын Бағлан Әбдірайымов әкесінің өмірден өткенін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057623-baglan-abdiraiymov-marqum-akesine-zazba-arnady/