Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ғашығымды шоу жасап, көрсетемін": Блогер NNN жеке өмірі жайлы сыр шертті

Жарияланған күні:

блогер NNN
Нұрдәулет Бектұрсын. Скриншот: "Taboo" бағдарламасы

Отандық танымал блогер NNN жеке өміріне қатысты бар шындықты айтып, болашақ жары үшін барын жасауға дайын екенін алға тартты. Желі жұлдызы ғашығын көпшілікке шоу жасап, таныстыратынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

NNN жеке өмірі жайлы жан сырын "Revue NEWS" бағдарламасында ақтарды. Талай қыздың арманына айналған блогер өз адамын кездестіргенін астарлап айтты. Ол болашақта сүйіктісын халыққа үлкен шоу жасап таныстыруға ниетті.

"Желіде өмірімнің 80-90 пайызы көрсетіледі. Бірақ махаббат, отбасылық өмір жайлы мен мүлдем айта алмаймын. Айтпауға тырысамын. Бұл деген үлкен бақыт қой. Жауапкершілігі мол дүние. Нақты сенімді болып, көзім жеткенде ғана айтқан дұрысырақ деп ойлаймын. Тіпті арманды да айтсаң, орындалмай қалады ғой. Мен олай жасырмаймын. Бірақ шоу жасап, бір-ақ айтамын. Өз адамымды кездестірдім деген сезім болды. Қазір де бар. Көлігімнің өзін күшті етіп көрсетемін. Қалай мен ғашығымды жай ғана көрсете саламын? Болашақ жарымның барлық арманын орындауға тырысамын. Ал арманымыз бір болғанда ол ештеңе сезбей-ақ орындалып жатқанын көреді. Қымбат бағалы заттарды шама жетсе әпереміз, болмаса күте тұрады", - деді блогер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057665-gasygymdy-sou-zasap-korsetemin-bloger-nnn-zeke-omiri-zaily-syr-sertti/