"Ешкімге қарыз бермеймін": әнші Әли Оқапов өмірлік қағидасын айтты
Жарияланған күні:
Жаңа бейнебаян түсіру үшін көлігін сатып жіберген Әли Оқапов өмірінде ұстанатын басты қағидасын айтты. Өнер иесі ешкімнен қарыз алмайтынын және ешкімге қарызға бермейтінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әли Оқапов "Өзгеше" атты әніне түсірілген бейнебаян үшін біршама тер төккенін алға тартты.
"Арнайы бейнебаян үшін күніне екі рет жаттығу залында жаттықтым. Диета ұстап, бір-екі келі салмақ тастадым. Кішкене жасару үшін шашымды қиып тастадым. Осы клип үшін Алматы қаласындағы ең үздік бишілерді жинадым. Бұл дайын балет емес. Бәрін жан-жақтан теріп біріктірдім", - деді әртіс.
Сонымен қатар өнер иесі бұл бейнебаянды түсіру үшін өз көлігін сатып жібергенін айтты.
"Мен не көрмедім? Не оқымадым? Етім үйреніп қалды десем де болады. Қымбат маркалы көлік емес. Орташа темір тұлпар. Менің өмірлік қағидам - қарыз алмаймын, қарызға бермеймін, несиеге жоламаймын", - деді Әли "Revue NEWS" бағдарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057672-eskimge-qaryz-bermeimin-ansi-ali-oqapov-omirlik-qagidasyn-aitty/