Жақында Вьетнамнан ұшып келген Гүлзира Айдарбекова енді Кипрға демалуға аттанды
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова демалып қайту үшін тағы да шетелге ұшып кетті. Жақында ғана Вьетнам еліне саяхаттап келген Қайрат Нұртастың анасы енді Кипр аралына жол тартқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Гүлзира Айдарбекова тағы да Кипр аралына аттанғанын Instagram парақшасында хабарлады. Продюсер өз парақшасында ыстық мекеннен видео жариялап, демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті.
Айдарбекова түрлі елге барып, барынша көп саяхаттауға тырысатынын айтты.
"Ескі жылдың соңы Германия, Турция, Американың бірнеше еліне сахатымызбен тәмамдап едік. Ал енді жаңа жыл басталысымен Вьетнамда демалу бұйырса, 20 күнге жетпей міне бүгін ойламаған жерден Кипрға ұшып барамыз. Былтырдан бері тек шетелде демалуымның себебі, "солай өтсінші" деп тілеп, жазып қойып едім. Шынында шын ниетпен Алладан сұрасаңыз армандар орындалып жатады", - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057680-zaqynda-vetnamnan-usyp-kelgen-gulzira-aidarbekova-endi-kiprga-demaluga-attandy/