"Ауылдың қызы": Қайрат Түнтеков алғаш рет келіншегі жайлы айтты
Жарияланған күні:
Танымал әнші Қайрат Түнтеков осыған дейін отбасы барын айтқан болатын. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында алғаш рет әйелі жайлы баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Отбасым қолдайды. Жарым, кішкентай қызым қолдайды. Әйелім ауылдың қызы. Ештеңемен айналыспайды. Үйде. Шығармашылыққа қатысы жоқ. Балаға қарап, үй шаруашылығымен айналысады.
Әнімді әйеліме, ата-анама тыңдатамын. Ата-анамнан бөлек тұрамын. Өйткені кезінде Алматыда тұрып үйреніп қалдым. Еркіндікті ұнатамын. Ол кісілер де біледі. "Бізге кеп тұрсаң болды" дейді. Ол кісілердің де жастары кеп қалған", - деді Қайрат Түнтеков.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қайрат Түнтеков үш жасар қызы барын ашып айтқан болатын.
"Үш жасар қызым бар. Үштен асты. Тәтті, өзім сияқты талантты. Дауысы, қабылдауы да жақсы. Өзім таңғаламын. Бірақ өнерге жолағанын қаламаймын. Дәрігер болады-ау. Қайда барса да, дәрігерлердің ойыншық жиынтығын алады", - деген болатын Қайрат Түнтеков.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057690-us-zasar-qyzym-bar-qairat-tuntekov-algas-ret-kelinsegi-zaily-aitty/