"Шет елге оқуға кететін болып шештім": Мөлдір Әуелбекова тың жаңалығын айтты (фото)
Жарияланған күні:
Әнші Мөлдір Әуелбекова шетелге оқуға кетіп бара жатқанын мәлім етті. Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында оқырмандарына тың шешім қабылдағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Ойда жоқта, шет елге оқуға кететін болып шештім. Осыны ойлап, түнімен ұйықтамадым. Оқуға қай елге, қашан кететінімді ертең білетін боласыздар. Әзірше Астанадан Алматыға ұштым", - деп жазды әнші.
Ал кейінірек Әуелбекова оқуа Дубайға бара жатқанын айтты.
"Қанша адам жазып, хабарласып жатыр. "Қанша жылға кетіп бара жатырсың?" деп сұрауда. Жылдап кететін оқу емес. Еліміздегі мамандардың Дубайда өтетін 8 күндік оқуы ғой", - деді Әуелбекова.
Сонымен қатар әнші Дубайға ұлын да ала кеткісі келгенін жеткізді.
"Баламды да апарғым келді. Бірақ балама арналған бағдарлама жоқ екен", - деді Мөлдір Әуелбекова.
Еске сала кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова балаларды әкесіз өсірудің қандай екенін айтқан болатын.
"Қиындатсаңыз, қиналасыз. Аллаға шүкір, маған қиын емес. Рахмет", - деп жауап берді Мөлдір Әуелбекова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057942-set-elge-oquga-ketetin-bolyp-sestim-moldir-auelbekova-tyn-zanalygyn-bolisti/