"Үйленгеннен кейін 1,5 жыл аға деп жүрді": әнші Ұшқын Жамалбек алғаш рет әйелі жайлы айтты
Жарияланған күні:
Ұшқын Жамалбек отбасын көпшілікке көрсете бермейтін әншілердің бірі. Өнер иесі "Қызықты weekend" бағдарламасында әйелі жайлы алғаш рет айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Есімі - Жайна. Екеуіміздің шаңырақ көтергенімізге 7 жылдың жүзі болып қалды. Өзім туған өңірден. Ең алғаш "Сізбен суретке түсуге болады ма?" деп келген еді.
Өмірімде қиыншылық болғанда, жанымнан табылған жан. Маған жақсы сөздерін айтты. Екеуіміздің арамызда үйлесім бар. Бұл кісінің өз бизнесі бар. Мектебіміз бар. Негізгі мамандығы - актриса. Бірақ мамандығы бойынша театрға барғанын қаламадым. Ол дұрыс болыпты. Себебі театрға барса, қазіргі тірлігін, бизнесін жасай алмайтын еді. Біздің отбасымыз үлкен. Ата-анамен тұрамыз. Менен 6-7 жас кіші", - деді әнші Ұшқын Жамалбек.
Сонымен қатар өнер иесі үйленгеннен кейінгі алғашқы үш жылда ажырасуға дейін барғанын да жасырмай айтып берді.
"Үйленгеннен кейін үш жылда ажырасып кетуге дейін бардық. Жайнаға үйленемін деп мүлде ойламадым. "Алашұлы" тобынан жеке шыққан кездегі әндерімнің бәрі осы кісіге арналған. Бұл кісіге алғаш айтқанымда, "қойшы" деді. Тіпті үйленгеннен кейін 1,5 жылға дейін мені "аға" деп жүрді", - деді Ұшқын Жамалбек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057949-biznesi-bar-ansi-usqyn-zamalbek-algas-ret-aieli-zaily-aitty/