Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барға - шүкір, жоққа - сабыр": Әли Оқапов жер сілкінісі өміріне қалай әсер еткенін айтты

Жарияланған күні:

Әли Оқапов
Әли Оқапов. Фото: Instagram/aliokapov

Қазақстандық танымал әнші Әли Оқапов Алматыда орын алған жер сілкінісі өміріне қалай әсер еткенін айтты. Өнер иесі көп нәрсеге деген көзқарасын өзгерткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әли Оқапов жер сілкінісі басталған кезде өз үйінде ойланып, болашаққа жоспар құрып отырғанын айтты.

"Бір күні түнде балконда терең ойда отырдым. Болашаққа жоспар құрып, шешімдерім жайлы ойландым. Жетістікке жету, өзімді дамыту жолдарын қарастырып отырғанда жер сілкінісі басталды. Сол кезде өмір сүру оңай болып кеткендей. Барға-шүкір, жоққа-сабыр. Бас аман болсын ең бастысы", - деп жазды өнер иесі Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары әншіге қолдау көрсетіп, оның жазбасына түрлі пікір қалдырған.

"Шынымен, ең бастысы - өмір", "Өте дұрыс айтасыз. Ең бастысы - бәріміз аманбыз. Жоспарларымыз бәрі уақытша". "Сөздеріңізбен толықтай қосыламын", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2057962-barga-sukir-zoqqa-sabyr-ali-oqapov-zer-silkinisi-omirine-qalai-aser-etkenin-aitty/