Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Грузияда некелестік": 16 жылдан кейін елге оралған актриса Аянат Есмағамбетова өмірі туралы айтты

Жарияланған күні:

Аянат Есмағамбетова
Аянат Есмағамбетова. Видеодан кадр: Youtube/Dinara Satzhan

Қалың көпшілікке "Көшпенділер" фильмі арқылы танылған актриса Аянат Есмағамбетова 16 жылдан кейін елге оралып, өміріндегі жаңалықтарын айтты. АҚШ-қа оқуға кеткен өнер иесі сол жерде қалып, отбасын құрған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аянат Есмағамбетова бастапқыда шетелге тек бір айға кетуді жоспарлағанын айтты. Өнер иесі АҚШ-та білім алып, кино және театр саласында жұмыс істеген. Елге оралмақ болған кезде болашақ күйеуімен танысып, Америкада қалуды шешкен. Бүгінде олар отау құрып, үш баланы тәрбиелеп отыр.

"16 жылдан бері өмірімде көптеген өзгеріс болды. Ең бірінші жаңалығым - тұрмыс құрып, үш баланың анасы атандым. Жолдасым да өнерден алыс емес. Қазіргі уақытта АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұрып жатырмын. 16 жасымда шетелге кетіп едім, содан елге енді келіп тұрмын. Ол жақта актриса мамандығы бойынша оқыдым. Одан кейін кино мен сән әлемінде жұмыс істедім.

Негізі шетелге кетуімнің қызыққа толы тарихы бар. Тек бір айға ғана барамын деп ойладым. Театр студиясында білім алғаннан кейін, көп ұсыныс түсе бастады. Жақсы жалақы болды. Елге қайтамын ба әлде осында қалып мүмкіндікті пайдаланамын ба деп ойлап жүргенде жолдасыммен таныстым. Содан өмірім түбегейлі өзгеріп шыға келді. Ол кісі де өнерімді қолдайды. Аздап музыкаға жақын", – деді актриса "DS` Show" бағдарламасына берген сұхбатында.

Есмағамбетова алғаш рет күйеуі жайлы айтып, үйлену тойын еске алды. Қазақстандық арудың таңдауы грузин жігітіне түскен.

"Жолдасым - грузин ұлтынан. Америкада жүргенде таныстым. Бизнес саласында жұмыс істейді, бірақ өнерге де жақын. Продюсерлікпен айналысады. Грузияда некелестік. Бақытты сәтімізге куә болған ағайын-туыспен бірге ел президенті Саломе Зурабишвили де қатысты. Біз отбасымызбен бірге араласатын достармыз. Ол кісі мені актриса ретінде таниды екен. Картиналарымды көріпті. Содан тойымызға шақырдық", – деді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058165-16-zyldan-keiin-elge-oralgan-aktrisa-ayanat-esmagambetova-omirindegi-zanalygyn-aitty/