Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әбіржіп кеттім": Ғазизхан Шекербеков 50 мың теңгеге ән сатқан кезін еске алды

Жарияланған күні:

Ғазизхан Шекербеков
Ғазизхан Шекербеков. Видеодан кадр: "OZMZғой" бағдарламасы

Композитор Ғазизхан Шекербеков өзі шығарған әндері жайлы сыр шертті. Өнер иесі "OZMZғой" бағдарламасында өзі үшін жазған әнді ақшадан қиналғанда дуэт орындайтын жігіттерге сатып жібергенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ол өзімнің әнім емес. Өзім Үндістанның киносын жақсы көремін. Содан бір кино көрдім, қайсысы екені есімде жоқ. Ішіндегі бір музыкасы ұнап қалды. Қазақша қоссаң, күшті болатын сияқты. Өзім айтамын деп ойладым. Ақын досымды шақырып алып, сөз жаздық. Аранжировкасын үнді фильміне қарап жаздым.

Студияда жүресің. Ақшаң да жоқ. Әбіржіп кеттім. Сол кезде дуэт орындайтын екі жігіт келді. Олар "Мынау күшті екен. Сатасыз ба?" деді. 50 мың теңгеге сатып жібердім", - деді Ғазизхан Шекербеков.

Еске сала кетейік, осыған дейін композитор кімдердің әнін орындағанын қаламайтынын айтқан болатын.

Сонымен қатар өнер иесі бір әнін қайтара алмай жүргенін де жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058204-abirzip-kettim-gazizxan-sekerbekov-50-myn-tengege-an-satqan-kezin-eske-aldy/