Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйленгеннен кейін таныса бастадық": Ғазизхан Шекербеков алғаш рет әйелі жайлы айтты

Жарияланған күні:

Ғазизхан Шекербеков
Ғазизхан Шекербеков. Фото: instagram.com/gazizkhan

Әнші Ғазизхан Шекербеков әйеліне бірнеше кездесуден кейін бірден үйленген. "OZMZғой" бағдарламасында композитор жұбайымен шаңырақ көтергесін жақынырақ танысқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ән шығарып, жаңа жылдық бағдарламада айтқанмын. Ол басқа жерде жоқ. Әнді тыңдау үшін бағдарламаның ішінен тауып алу керек. Соны бір қыз сұрап, жазды. Суреттерін қарадым. Жетімсіреп, жалғызсырап отырған кезім еді. Сосын ол қызбен сол күні кездеспекші болдым. Ол кездесуден бас тартты. Ол да дұрыс болған шығар. Маған одан сайын қызық болды.

Кейін кездестік, сөйлестік. Осыдан кейін мен "Мына қыз мен үшін бәріне дайын сияқты ғой" деп есіріп кетті. Алайда ол "Әжептеуір өнерлі жігіт деп жүрсем. Мұның не?" деп, қарым-қатынасты тоқтатып қойды. Сол уақытта ұрысатын адамым жоқ еді. Жанашыр табылды-ау деп тыңдай бастадым. Әңгімесі дұрыс, ақыл тоқтатқан қыз", - деді Ғазизхан Шекербеков.

Сонымен қатар композитор әйелі екеуінің отбасы құрғаннан кейін ғана жақын таныса бастағанын айтты.

"Екеуіміз "Сағындым" деп хат алмасып, киноға бармағанбыз. Тағы бір кездесуде "Маған күйеуге шығасың ба?" дедім. Ол да келісті. Солай үйленіп кеттік. Үйленгеннен кейін ғана таныса бастадық. Қазір де ажырасу көп қой. Сол да дұрыс таныспағаннан шығар. Бізде де басында солай болды. "Қалай үйленіп кеттік?" деп, табиғатымыз сай келе ме деп, ес жинадық. Бірақ жанымызға жақын адамдар дұрыс болды. Ақылға салып, бір-бірімізге құлақ астық. Содан кейін бір-бірімізді жақын тұтып, көзбен ұғысатын жағдайға жеттік", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058221-uilengennen-keiin-tanysa-bastadyq-gazizxan-kenzebekov-algas-ret-aieli-zaily-aitty/