Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмірімнің жалғасысың": Бағлан Әбдірайымов әкесінің өзіне жазған соңғы хатын жариялады (фото)

Жарияланған күні:

Бағлан Әбдірайымов
Бағлан Әбдірайымов. Скриншот: Таир Нұғман бағдарламасы

Әнші Бағлан Әбдірайымовтың жақында әкесі өмірден өтті. Өнер иесі жақынының қазасынан кейін жауапкершілігі артқанын айтып, әкесінің соңғы хатын жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сынақ сындыру үшін емес. ширату үшін келетінін әр бір адам түсінсе керек. Көзін көргендер әкем марқұмның өз уақытында жақсы боксшы болғанын айтады. Сол үшін менің де икемім бар шығар?

Өмір жалғасады. Жауапкершілік артып, есейгенімді сездім. Ата-анаң барда, балалық еркелігің қалады екен. Анама Құдай қуат берсін!

Әке мен ананың разылығын алатын, сапалы ұрпақ қатарынан болайық. Уайым жұтпас үшін, іштегі шерді шығарып, кішкене терлеп алдым", - деп жазды Бағлан Әбдірайымов Instagram желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар әнші әкесінің өзіне жазған соңғы хатын да жариялады.

"Бақа, ақылшым менің... Құдай қуат берсін! Әдемі ой-өрісің маған бақыттың шексіз тәрбиесі секілді. Сен менің өмірімнің жалғасысың", - деп жазылған хатта.

Еске сала кетейік, бірнеше апта бұрын әншінің әкесі өмірден өтті.

Әкесін жер қойынына тапсырған Әбдірайымов оған жазба арнады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058366-anama-qudai-quat-bersin-baglan-abdiraiymov-akesinin-qazasynan-keiin-zauapkersiligi-artqanyn-aitty/