"Шартсыз махаббатты бағалаймын": Ақбота Сейітмағамбет өзіне қандай ер азаматтар ұнайтынын айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет ер азаматтардың бойындағы қандай қасиеттерді бағалайтынын ашып айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында оқырмандарымен тілдесіп, олар жолдаған бірқатар сұраққа жауап берді. Оқырмандардың бірі әншіден нағыз ер адам қандай болу керек екенін сұрады. Ақбота Сейітмағамбет бұл сауалға қысқаша жауап беріп, азаматтардың бойындағы өзі қатты бағалайтын қасиеттерді атады.
"Бір сөзді, шартсыз махаббаты, әдебі. Айтсаң көп қой. Бірақ бәрін жинақтап келгенде, бір сөзбен тұлғалық асыл мінезі ғой жігітке тән", - деп жазды әнші.
Cонымен қатар шоу-бизнес жұлдызы сенімділікті қалай арттыруға болатынын айтты.
"Адамдар барлығын сырттан іздеп шаршайды, налиды, күтеді, уақыты зая кетеді. Негізі барлық жауап ішіңізде, сенімділік сіздің ішкі әлеміңізден келеді. Бұған қол жеткізу үшін өзіңізді тануға қадам жасаңыз. Қорқыныштарыңызбен танысыңыз, анализ жасаңыз. Әлемнің сізді жақсы көруі мен қабылдауы әуелі сізден басталатынын саналы түрде мойындаңыз", - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058391-bir-sozdiligin-bagalaimyn-aqbota-seiitmagambet-ozine-qandai-er-azamattar-unaitynyn-aitty/