Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әжем теріс бата берді": актер Шерхан Пірназар балалық шағы қалай өткенін айтты

Жарияланған күні:

Шерхан Пірназар сұхбат беруде
Шерхан Пірназар сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Сәлем, Европа

Отандық танымал актер Шерхан Пірназар алғаш рет ата-анасы жайлы айтып, балалық шағын еске алды. Өнер иесінің сөзінше, ата-анасы ажырасып кеткенде әжесі ұлына теріс бата берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шерхан Пірназардың балалық шағы ата-әжесінің шаңырағында өткен. Актер әжесінің сүйікті немересі болған. Сол себепті ата-анасы ажырасып кеткенде ол кісі өз ұлына қатты ренжіп, "немеремді жетім қылдың" деп теріс батасын берген екен.

Өнер иесі әке-шешесінің ажырасып кеткені өзіне аса ауыр тигенін жасырмады. Ол әкесімен осыдан төрт жыл бұрын ғана байланыс қайта орнатып, араласа бастаған.

"Мен әжемнің баласы болып өстім. Ол кісі сегіз бала дүниеге әкелген, біреуі қыз, тоғызыншысы мен болдым. Жатса да, тұрса да мені жанынан тастамайтын. Әжемнің жеті баласы бір үйде тұрған. Жеті келіннің ішінен менің мамамды ерекше жақсы көріп, тірлік істетпей еркелеткен ғой. Бірақ әке-шешем ажырасып кетті. Сол кезде қатты жылағаным есімде. Сонда әжем өз баласына "немеремді жетім еттің" деп қатты ұрысқан.

Сол кеткеннен әкем үйге келмеді. Төрт жыл бұрын ғана көрістік. Қанша дегенмен әкенің аты – әке екен. Оған дейін бетпе-бет кездескенде бәрін айтамын деп кіжініп барған едім. Бірақ оның бәрі көрген кезде ұмытылып, ашық сөйлестік. Әкем: "біз ажырасқанда әжең, "менің немеремді жетім қылдың" деп маған теріс батасын берген еді, сол жағдайдан кейін жолым болмады" деп өкінді", –дейді актер "Сәлем, Европа" Youtube арнасына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058416-azem-teris-bata-berdi-akter-serxan-pirnazar-balalyq-sagy-qalai-otkenin-aitty/