Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлішер Кәрімов әлеуметтік желіде кімдерді бұғаттап тастайтынын айтты

Жарияланған күні:

Әлішер Кәрімов
Әлішер Кәрімов. Видеодан кадр: Голос/The Voice Russia/youtube

Әнші Әлішер Кәрімов әлеуметтік желіде қандай пікір жазған адамдарды бұғаттайтынын айтты. "1001 түн" бағдарламасында өнер иесі анасының баласы екенін де жасырмай баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әлеуметтік желіде бәріне жауап беруге тырысамын. Кейде адамдарды бұғаттаймын. Меніңі өнеріме қатысты жағымсыз сөз жазса, бұғаттамаймын. Маған теріс пікір білдірсе де, бұғаттамаймын. Алайда отбасыма, әке мен шешеме қатысты теріс пікір жазылса, бұғаттап тастаймын.

Хейт болуы керек. Жанжалға жақын адам емеспін. Алайда арандатуға түсіп қалсам, сол ойдан арылуым қиын болады. Сол үшін қырыққа келіп, осылай жас көрінемін", - деді Әлішер Кәрімов.

Сонымен қатар өнер иесі анасына жақын екенін де атап өтті.

"Мен анама жақынмын. Мен анамның баласымын. Кейде әкем ренжиді. Анаммен телефонмен 40 минут сөйлессем, әкеммен тек 5 минут сөйлесуім мүмкін. Кейде "Анаңмен не айттың? Маған да айт" деп ренжиді. Анамды да, әкемді де жақсы көрем", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058419-aliser-karimov-aleumettik-zelide-kimderdi-bugattap-tastaitynyn-aitty/