Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Керемет өтті": Құрмаш Махан өмірінде бірінші рет туған күнін тойлады (видео)

Жарияланған күні:

Құрмаш Махан
Құрмаш Махан. Видеодан кадр: "Алғашқы" бағдарламасы

Танымал әнші Құрмаш Махан биыл туған күнін өмірінде бірінші рет атап өткен. Бұл жайлы өнер иесі "Таңшолпан" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Туған күн - өзіме есеп беретін, көңілім құлазитын күні. Менің жасағаным дұрыс па, бұрыс па? Осыған есеп беретін күн. Қолымнан келгенше, садақа беретін уақыт. Туған күнімді бейнебаянның тұсаукесері ретінде өткіздім. Эстрадада жүргеннен кейін бүкіл әншілер келді. Бауырларым, құрдастарым, қарындастарым келіп, өзінің риясыз ықыласын жаудырып, тілегін айтты.

Өмірімде бірінші рет туған күнімді атап өттім. Бұл әкем мен анамның мерекесі деп ойлаймын. Анам тоғыз ай құрсағында көтерді. Әкем бақты, тәрбиеледі. Туған күн керемет өтті", - деді әнші.

Сонымен қатар өнер иесі өзінің Құрбан айт мерекесінде дүниеге келгенін айтты.

"Мен Құрбан айттан бір күн бұрын, Арапада дүние есігін ашқанмын. Анам сол күні бауырсақ пісіріп жүргенде, толғағы басталған. Қариялар азан шақырып, есімімді Құрманбай қойған. Содан бір жыл өткенде туған күнімді тойлауға көршілерім жиналған екен", - деді Құрмаш Махан.

Еске сала кетейік, осыған дейін Құрмаш Махан екінші рет отбасы құрғаны жайлы айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2058475-keremet-otti-qurmas-maxan-omirinde-birinsi-ret-tugan-kunin-atap-otkenin-aitty-video/