"Отау құрғанына 17 жыл": Тоқтар Серіков қазақ тілін білмейтін жұбайына сезімін қалай жеткізген
Жарияланған күні:
Әнші Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева төрт бала тәрбиелеп отыр. Шаңырақ көтергеніне 17 жыл толған Тоқтар Серіков "ХабарLike" бағдарламасында қазақ тілін түсінбейтін жұбайына сезімін қалай жеткізгенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Мен алғаш танысқанда Бейбіт қазақшаға шорқақтау болды. Келбетіне қарасаң, қаланың қызына ұқсамайтын. Әже-ата көрген, ананың мейірімі сіңген, әкенің ақылын арқалаған қыз боп көрінді. Сөйлесе келе басқа тілде сөйлейтінін білдім. Содан өз тіліммен бірнәрсе жеткізгендей болдым. Менің орысшам өзі қысқа.
Қатты қиналған жоқпын. Екеуіміз түсінісіп кеттік. Көзден түсінеді ғой бұлар. "Сүйем" деген сөзді қазақша жеткіздім. Аллаға шүкір, бүгінде төрт құлыншағымыз бар. Солар үшін өмір сүріп жатырмыз", - деді Тоқтар Серіков.
Ал Бейбіт Сейдуалиева неліктен қазақ тілін білмегенін бағдарлама барысында түсіндіріп берді.
"Сол кезде заман сондай болды ғой. Мені ата-анам орыс балабақшасынан орыс мектебіне ауыстырды. Тек университетке қазақ факультетіне түстім", - деді Бейбіт Сейдуалиева.
Айта кетейік, Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваның отау құрғанына 17 жыл толған. Жұлдызды жұп бүгінде төрт бала тәрбиелеп отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2059357-otau-qurganyna-17-zyl-toqtar-serikov-qazaq-tilin-bilmeitin-zubaiyna-sezimin-qalai-zetkizgen/