"Махаббаттың шыңы": Гүлнұр Мамасарипова баланы ата-әженің қолына беру туралы ойын айтты
Жарияланған күні:
Продюсер Гүлнұр Мамасарипова атасы мен әжесінің тәрбиесін көріп өскен. Ол "Мамский әңгіме" бағдарламасында баланы ата-әженің қолына беру туралы ойын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Көпшілігі үшін бұл - травма. Әкесі мен шешесіне ренжіп, бауырларымен араласа алмай жатады. Олардың өмірі менікіндей болмаған шығар деп ойлаймын.
Ал арғы түйсікке салар болсақ, ата мен әже - махаббаттың шыңы. Біздің баланы жақсы көруге қолымыз тимейді ғой. Ақша табуың керек, жұмысқа бару керек. Әдемі боп жүруің керек, күйеуіңе қарауың керек, қайын жұртқа қызмет ету керек. Ал ата мен әже болcаң, сенде уақыт көп. Олардың көрген-баққаны немере ғой. Бүкіл алған махаббатын немереге құяды. Сол екі адамның махаббатына қалай ренжуге болады? Қалай ол махаббатқа тоймауға болады? Мен осыны түсінбеймін", - деді Гүлнұр Мамасарипова.
Сонымен қатар продюсер атасы мен әжесінің қызы болғанын айтты.
"Мен махаббатқа тойып өскенмін. Менде "Ақшам болмай қалады" деген қорқыныш жоқ екен. Кішкентайымнан ақшасыз жүрмеппін. Атам мен апамның зейнетақысы бар. Солардың алақанында отырған немере болғанмын. Менде сағыз шайнау, балмұздақ жеу деген арман болмаған. Ол мен үшін күнделікті қалыпты нәрсе. Қора толы ма. "Мынау сенің - малың, сенің - үйің, сенің - көлігің. Осының бәрі - сенікі" дейтін. Өзімді миллионер сезінетінмін.
Мен соңғы мың теңгемді жаратып, үйде сенімді отыра беремін. Өзіме деген сенімділік бар. Ағысқа қарсы жүруді үйреткен ғой маған. Атам мен әжемнің маған салып кеткен жақсы жақтарын айтып отырмын. Менің азаматтық, адами портретімді әдемілеп салып кеткен ғой. Оларға рахмет. Мұны әкем мен шешем бере алмас еді", - деді Мамасарипова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060111-maxabbattyn-syny-gulnur-mamasaripova-balany-ata-azenin-qolyna-beru-turaly-oiyn-aitty/