Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алла бақ берсін": Гүлзира Айдарбекова 21 жасқа толған кіші келініне алтын сырға тақты (фото, видео)

Жарияланған күні:

Гүлзира Айдарбекова кенже келінімен
Гүлзира Айдарбекова кенже келінімен. Скриншот: instagram.com/zangaar

Продюсер Гүлзира Айдарбекова былтыр кенже ұлын үйлендірген болатын. Ол кіші келіні Индираны 21 жасқа толған туған күнімен құттықтап, сырға тақты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова Instagram желісіндегі парақшасында жан сырын ақтарып, жазба жариялады.

"Бүгін Индира келініміздің шаңырағымыздағы алғашқы туған күні. Алла бақ берсін! Үлкен әулетті отбасына айналып, әрбір қуанышымыздың себепкері болып, Заңғар екеуі арман-мақсаттарына жетуін Алла жазсын. Ең бастысы, мен армандағандай, туған қызымдай, отбасымызға адал болсын", - деп жазды Айдарбекова.

Видеодан Гүлзира Айдарбекова мен күйеуінің және Заңғардың Индираны туған күнімен құттықтап, құшақ-құшақ гүл мен сыйлық табыс еткенін көруге болады.

Осы сәтте Гүлзира Айдарбекова Индираға алтын сырға тарту етті.

Желі қолданушылары да Заңғардың келіншегін туған күнімен құттықтап, тілек арнаған.

"Атасы қандай күшті. Барлық келінін "қызым" деп жүреді", "Құдағиыңыздың тілегі қабыл болсын", "Келіннің туған күні құтты болсын", - деп жазды желідегілер.

Айдарбекова сторис
Айдарбекова сторис. Скриншот: instagram.com/gulziraaidarbekova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2060400-gulzira-aidarbekova-kisi-kelinin-tugan-kunimen-quttyqtap-syrga-taqty-foto-video/