Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі күйеуім де асыраған жоқ": Мөлдір Әуелбекова бұрынғы некелері жайлы жан сырын ақтарды (фото)

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеулерімен ұзақ уақыт бірге тұрмағанын айтты. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында босанғанына 20 күн толғанда жұмысқа шығып кеткенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншіге желідегі оқырманының бірі "Ажырасу өте ауыр кезең. Сіз ажырасқаннан кейін өз-өзіңізге қалай келдіңіз?", - деп сауал жолдаған.

Ал Әуелбекова екі күйеуіне де қаржылай тәуелді болмағанын және босанғанына 20 күн толғанда жұмысқа шығып кеткенін ашып айтты.

"Менің жағдайым басқаларға қарағанда өзгешелеу. Екі күйеуім де мені асырап, баққан жоқ. Яғни, мен ақшалай тәуелді болмадым. Сол себепті, маған күйеусіз ары қарай өмір сүріп кету қиын болмады. Оның үстіне бірінші күйеуіммен толыққанды бірге тұрмадым. Ол жұмыс бабымен басқа қалада тұрды. Мен енеммен басқа қалада тұрдым.

Екіншісімен жеті ай ғана тұрдым. Екеуінде де, босана сала 20 күннен соң жұмысқа шықтым. Өзіме өзім қолдау болдым. Үйде, толыққанды декреттік демалыста отырған әйел болмадым. Сол үшін де маған ажырасуды бастан өткізу жеңілірек болды. Түбегейлі жұмысқа кірісіп, күйзелістен оңай шықтым. Оның үстіне жанымда ата-анам қолдаушы болды. Сол үшін де ажырасу кезеңіндегі қиындық әр отбасы болатын жағдайға байланысты", - деді әнші.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова екі баланы әкесіз өсірудің қандай екенін айтқан болатын.

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Скриншот: instagram.com/moldir.auyelbekova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061286-eki-kuieuim-de-asyragan-zoq-moldir-auelbekova-buryngy-nekeleri-zaily-zan-syryn-aqtardy-foto/