Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмысқа шығуға қалай қарайтынын айтты (фото)
Жарияланған күні:
Әнші Мөлдір Әуелбекова осыған дейін екі рет тұрмыста болған еді. Өнер иесі үшінші рет тұрмыс құруға қалай қарайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әнші Instagram желісіндегі парақшасында оқырман сауалына жауап берген.
Әуелбекованың тыңдарманы "Үшінші рет тұрмысқа шығу ойыңызда бар ма?", - деп сауал жолдаған.
Ал өнер иесі тағы да тұрмыс құруға қарсы еместігін ашып айтты.
"Әрине! Мен сияқты сұлуға жалғыз жүруге болмайды ғой", - деп жауап берді.
Айта кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова екі күйеуінің де өзін асырамағанын және оларға қаржылау тәуелді болмағанын мәлім етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061320-moldir-auelbekova-usinsi-ret-turmysqa-syguga-qalai-qaraitynyn-aitty-foto/