"Арыстанмен араласпаймын": Мөлдір Әуелбекова тек екінші күйеуімен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты (фото)
Жарияланған күні:
Мөлдір Әуелбекова бүгінгі таңда тек қызының әкесімен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты. Әнші Instagram-дағы парақшасында бірінші күйеуімен араласпайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Арыстанмен (бірінші күйеуі - ред.) араласпаймыз. Анығырақ айтатын болсақ, ол менімен араласпайды. Екі-үш рет ересек адамдарша отырып, сөйлесуге шақырғанмын. Әзірге оған дайын емес секілді. Уақыт өте келе ересек адам ұстанымына өтетініне күмәнім жоқ. Кішігірім ақшалай көмектесіп бастады.
Ал Қуанышпен (екінші күйеуі - ред.) отырып, ашық сөйлесеміз. Қызымызға жақсы ата-ана болу мақсатында сау қарым-қатынас құрамыз деп шешкенбіз. Қызына жиі келіп тұрады. Қажеттілігін өтеп, көмектесіп тұрады. Құрметтеймін! Өз басым екеуін де ұлым мен қызымның әкесі ретінде сыйлаймын. Тілекші, жанашырмын. Бақытты болсын", - деп жазды әнші.
Еске сала кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова екі күйеуінің де өзін асырамағанын және оларға қаржылай тәуелді болмағанын айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061347-arystanmen-aralaspaimyn-moldir-auelbekova-tek-ekinsi-kuieuimen-zaqsy-qarym-qatynasta-ekenin-aitty-foto/