Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Салтымыз": Динара Сәтжан шетелдік әртістерге неге шапан жапқанын түсіндірді

Жарияланған күні:

Динара Сәтжан
Динара Сәтжан. Фото: instagram.com/dinarasatzhan

Тележүргізуші Динара Сәтжан осыдан біраз уақыт бұрын әйгілі әнші Akon-ға шапан жапқан болатын. Ол кеше Вера Брежневаға да шапан сыйлап, көпшіліктің сынына қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Сәтжан хейтерлеріне Instagram-дағы парақшасында жауап берді.

"Қонақжайлылық - біздің ерекшелігіміз. Бұл біздің ДНҚ-мызда бар. Қазақ "Қонағыңа шай беріп, шөлін қандырмай, шаруа туралы сұрама" дейді. Содан кейін мен қазақша киімдер өндірушісімін. Менің шоу-румымда 30-ға жуық қазақстандық бренд бар. Мен Akon-а шапан сыйлағанда, көпшілік "Неге?" деп жазды. Кеше Вера Брежневаға әдемі шапан сыйлап едім, тағы да хейтті оқыдым. Сіздерде бәрі жақсы ма? Әлде сіз қазақ емессіз бе? Ат мінгізіп, шапан жабу - бұл біздің салтымыз.

Мен қазақ тілін жетік білмеуім мүмкін. Мен қазақпын. Қаным - қазақ! Иісім - қазақ! Сізге ұнаса да, ұнамаса да, бәрібір ұлттық шапанымызды сыйға тартамын. Бұл ниетімді сынап-мінеп жатқандардың бәрін бұғаттаймын", - деп жазды Динара Сәтжан.

Еске сала кетейік, әлемге әйгілі әнші Akon Алматы мен Астана қаласында жеке концертін өткізді. Ол Динара Сәтжанға сұхбат беріп, бағдарлама соңында тележүргізуші Akon-ға шапан жапқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061640-saltymyz-dinara-satzan-seteldik-artisterge-sapan-syilaganyn-synaityndarga-zauap-berdi/