Меруерт Түсіпбаева 156 мың теңге жалақы алып келген жұмысынан шығып кеткен кезін есіне алды
Жарияланған күні:
Әнші Меруерт Түсіпбаева қазіргі таңда Еуропа еліне демалысқа кеткен. Өнер иесі ұстаздық қызметінен шығып кеткенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Түсіпбаеваның айтуынша, ол жұмысынан өз қалауымен кеткен.
"Бір айдан астам уақыттан бері шетелдемін. Мені әлеуметтік желіден көріп, үйіне, мейрамханаға шақырып жатқан бауырларыма, сіңлілеріме рахмет. Бірнеше күннен кейін Стамбұлға қонаққа шақырды. Бір апта сол жақта болып, толық тексерілуден өтемін. Денсаулық - зор байлық. Елге келген соң көптен жоспарлап жүрген авторлық курсымызды бастаймыз.
Мен 12 жыл үзбей білім берген ұстазбын. Менен дәріс аламын деген адам көп. Бірақ жоғары оқу орнында 156 мың жалақыға жұмыс істедім. Бірақ биыл АҚШ-та, Ресей мен Еуропада тұру керек болды. Сондықтан өз қалауыммен жұмыстан кеттім", - деді Меруерт Түсіпбаева Instagram-дағы парақшасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061674-zalaqysy-156-myn-tenge-meruet-tusipbaeva-ustazdyq-qyzmetinen-sygyp-ketkenin-aitty-foto/