"Күткен жоқпын": Мақпал Исабекова жүктілігі жайлы күйеуіне қалай хабарлағанын айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал әнші Мақпал Исабекова жүктілігі жайлы күйеуіне қалай хабарлаған айтып, оның әсері қандай болғанын жеткізді. Ерлі-зайыпты үшін бұл күтпеген қуанышты жаңалық болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жақында ғана екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін хабарлаған Мақпал Исабекова желіде оқырмандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Желі қолданушыларының бірі әншіден жүктілігі жайлы қалай білгенін сұрады.
"Күткен жоқпын, білген жоқпын. Әрине балама бауыр керек екенін ойлайтынмын. Өзімде де бір балаға тоқтайтын ой болған жоқ. Бірақ Теодор сәл өссе, ең болмағанда үшке келсе екен деп жүргем. Алайда Алла тағаланың бұйрығы біздің пенде жоспарымыздан әлдеқайда мықты ғой. Білгенде әрине қуандым, Аллаға шүкір", - деп жауап берді әртіс.
Сонымен қатар көпшілік бұл қуанышты хабарды жолдасы қалай қабылдағанын білгісі келді.
"Күйеуіме тестті көрсеткенімде өз көзіне өзі сенбеді. Бұл қалай болғаны деп талқылап отырғанда қуаныштан күлімсіреп, бақытты болып отырды", - деп жазді әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061681-kutken-zoqpyn-maqpal-isabekova-zuktiligi-zaily-kuieuine-qalai-xabarlaganyn-aitty/