Семейде актриса Салтанат Серкебаеваның үйлену тойы дүркіреп өтті (видео)
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші әрі актриса Салтанат Серкебаева тұрмысқа шықты. Жақында ғана өз ұясынан ұзатылған арудың Семейде үйлену тойы дүркіреп өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Салтанат Серкебаева Семей қаласына келін болып түсті. Әлеуметтік желіде "Түнгі студия" жүргізушісінің үйлену тойынан видео тарап кетті. Актрисаның қуанышына бірқатар өнер жұлдыздары келген.
Дүбірлі тойдың тізгіні белгілі әзілкеш Қайрат Әділгерейде болса, беташарды Қабдол Тлеков жүргізді. Сонымен қатар Маржан Арапбаева, Дастан Оразбеков пен Қайрат Нұртас тойдың сәнін келтіріп, өнерін ортаға салды.
Арапбаеваның Instagram парақшасындағы жазбаға сәйкес Серкебаеваның тойы 17 ақпан күні өткен. Оған қоса әнші көпшілікке актрисаның күйеуінің есімін жария етіп қойды. Оның таңдауы Нұржан есімді жігітке түскен.
"Семей 17.02.2024. Нұржан мен Салтанаттың тойы", - деп жазды әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061735-semeide-aktrisa-saltanat-serkebaevanyn-uilenu-toiy-durkirep-otti-video/