Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкем мен анамның жанында тұруға тура келді": әнші Бауыржан Ретбаев сахнадан неге алыстап кеткенін айтты

Жарияланған күні:

Бауыржан Ретбаев
Бауыржан Ретбаев. Видеодан кадр: "1001 түн" бағдарламасы

Жас әнші Бауыржан Ретбаев сахнадан көрінбей кету себебін айтты. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында карантин уақытында Маңғыстауға көшіп, шаңырақ көтергенін мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өнерден алыстамадым. Әндерімді жазып, бейнебаянымды түсіріп жүрмін. Тек карантин уақытында Маңғыстауға көшіп кеттім. Алматыға қайта көшіп келгеніме 1,5 ай болды. Өнерге қайта кірісіп жатырмын.

Ауылға барып, үйлендім. Бала-шағалы болдым. Мен ұлдан жалғызбын, үйдің кенжесімін. Сол себепті әкем мен анамның жанында тұруға тура келді. Жалғыз бала болғасын, келіннің қызметі бар. Сонымен кішкене жүріп қалдық. Бірақ шығармашылық тоқырау болмады. Репертуарымда жетпіске тарта ән бар", - деді Ретбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061876-akem-men-anamnyn-zanynda-turuga-tura-keldi-ansi-bauyrzan-retbaev-saxnadan-nege-alystap-ketkenin-aitty/