Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тобығым жарылды": әнші Роза Әлқожа аяғын қайырып алғанын айтты (фото)

Жарияланған күні:

Роза Әлқожа
Роза Әлқожа. Фото: instagram.com/roza_alqozha

Әнші Роза Әлқожа сахнада аяғын қайырып алған. Өнер иесі нәтижесінде тобығы жарылғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ғайыптан тайып құладым. Сынықшы апамның үйінен бір-ақ шықтым. Осыдан 10 жыл бұрын сахнада құлап, аяғымның шыбығын салдырып едім. Бүгін сол кісімен тағы кездестік", - деді әнші.

Сонымен қатар Роза Әлқожа дәл осы сәтте қызының да қызылшамен ауырып жатқанын айтты.

"Қызым үйде қызылшамен ауырып жатыр. Ал мен аяқты қайырып, сіңірді созып, тобығым жарылып жатырмын. Аналар ғана түсінетін жағдай...", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Роза Әлқожа
Роза Әлқожа. Скриншот: instagram.com/roza_alqozha

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062459-tobygym-zaryldy-ansi-roza-alqoza-ayagyn-qaiyryp-alganyn-aitty-foto/