Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәңгі жүрегіміздесіз": Ескендір Хасанғалиевтің келіні марқұм қайын атасын еске алды

Жарияланған күні:

Ескендір Хасанғалиев келінімен
Ескендір Хасанғалиев келінімен. Фото: Instagram/akmarjan_asylbekkyzy

Қазақстанның Халық әртісі, белгілі сазгер Ескендір Хасанғалиевтің келіні Ақмаржан Асылбекқызы марқұм қайын атасын еске алып, желіде оған жантебірентерлік жазба арнады. Ол ұлы адамның келіні болуды басына қонған баққа теңеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақмаржан Асылбекқызы марқұм қайын атасы туралы естілігін Instagram парақшасында жариялады. Ол белгілі сазгердің адамгершілігі мол, аса қамқор, жаны таза кісі болғанын айтты.

Өнер иесінің келіні қайын атасына деген асқан сыйластығын білдіріп, жанұясы оны сағынып жүргенін жазды.

"Пойызбен жол тартып бара жатырмыз. Папа поезбен жүргенді ұнататын еді, өзінше бір бөлек атмосферасы бар, ауасы бар. Жатқан жеріңіз жайлы болсын! Артыңызда Біржандай он бес балаға татитын ұлыңыз қалды, тәтті немерелеріңіз қалды, қазақ халқына қаншама мәдени мұра өшпес музыкаңыз қалды. Демек мәңгі жүрегіміздесіз.

Сіздей ұлы кісінің, адамгершілігі мол, жаны таза кісінің келіні болу, Біржандай азаматтың жары болу, ұрпақ сүйіп жалғастыру ол менің басыма қонған бақ деп білемін. Әрбір сөзіңіз, әрбір ақылыңыз, туғаныңыздан кем көрмей бар жүрегіңізбен жақсы көргеніңіз, шәй үстінде байқатпай көрсетпей бар тәуірді тәттіні бірін бір екіншісін екі қылып мені жесін деп балапанына жем тасыған қамқор анадай менің алдыма қарай ысырып отыратыныңыз жүрегімде, бәрі бәрі", - деп жазды Ақмаржан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063681-mangi-zuregimizdesiz-eskendir-xasangalievtin-kelini-marqum-qaiyn-atasyn-eske-aldy/