"Бәрі көруі керек": Грэммидің бірнеше дүркін иегері Уолтер Афанасьефф Димаштың жаңа бейнебаянына баға берді
Жарияланған күні:
Грэммидің бірнеше дүркін иегері Уолтер Афанасьефф Димаш Құдайбергеновтың әні мен жаңадан шыққан бейнебаянын жоғары бағалады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әншінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Досым Димаштың жаңа әніне түсірілген клипті көрдім. Өте керемет. Менің досым осындай таңғаларлық музыканы жарыққа шығаруға қабілетті екеніне сенбей де тұрмын. Үздік жұмыс. Димитро Гордонның оранжировкасы, фортепианода ойнағаны керемет үйлесім тапқан.
Димаш - әлемдегі үздік әнші саналады. Бұл клипті бәрі көруі керек. Өте керемет туынды шыққан. Клип те әдемі түсірілген, шабыттандырады", - деді Афанасьефф.
Әлемдік сахнада өзін мойындатқан Уолтер Афанасьефф Димашқа деген құрметі ерекше екенін атап өтті.
"Жақсы сөздеріңіз үшін рахмет", - деп жазды Димаш Құдайбергенов парақшасында.
Уолтер Афанасьефф - Грэмми сыйлығын бірнеше рет иеленген және хит әндердің авторы. Мәселен Мария Керридің "All I Want for Christmas Is You" әні, "My Heart Will Go On" Джеймс Кэмеронның "Титаник" фильмінің саундтрегі, "Красавица и Чудовище", "Аладдин" (1992), "Телохранитель" (1992), "Только ты" (1994), "Геркулес", "Игра" (1997), "Другая сестра" (1999) и "Госпожа горничная" фильмдеріне де саундтрек жазған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2064198-barine-koru-kerek-gremmidin-birnese-durkin-iegeri-uolter-afanaseff-dimastyn-zana-beinebayanyna-baga-berdi/