"Қазақ қара жамылмаған": Мөлдір Әуелбекова образын сынға алғандарға жауап берді
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова орамал таққалы ел алдына алғаш рет қара түсте киініп шығып, көпшіліктен өзін қатты сөкпеуін сұрады. Өнер иесі не себепті бұлай киінгенін ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мөлдір Әуелбекова жаңа образдағы суретін Instagram парақшасында жариялап, қара түсте киініп шығуының себебін түсіндірді.
"Орамал таққалы қап қара киінуім алғаш рет. Дресс код солай болды. Қатты ұнап тұр! Жараса қалды, иә? Иә білемін, қазақ қара жамылмаған. Дәл солай, қазақта тек жесір әйел шаш жайған. Демек, бір бірімізден кемшілік іздейтін болсақ, міндетті түрде табатынымыз анық. Сол себепті, жәй ғана әдемі образға лайк басып, тілек жазайық! Сүйем сіздерді", - деп жазды эстрада жұлдызы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2064242-qazaq-qara-zamylmagan-moldir-auelbekova-obrazyn-synga-algandarga-zauap-berdi/