"Өзіңмен ғана бақыттымын": атышулы Байзақова күйеуіне махаббатын жеткізді (видео)
Жарияланған күні:
Отандық танымал блогер әрі актриса Айжан Байзақова желіде күйеуімен түскен видеосын жариялап, елдің жылы лебізіне ие болды. Желі жұлдызы көпшілік алдында отағасына деген махаббатын жеткізген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айжан Байзақова күйеуі екеуінің ерекше сәттерінің үзіндісін Instagram парақшасында жария етті. Онда ерлі-зайыптының бірге уақыт өткізіп, құщақтасып жүргенін көруге болады.
"Менің махаббатым - менің барым. Өзіңмен ғана бақыттымын", - деп күйеуіне сезімін білдірді блогер.
Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірді.
"Қандай керемет видео. Махаббаттарыңыз көрініп тұр, бір жастықта қартаюды нәсіп етсін", "Бақыттарың баянды болсын", "Өте жарасымды жұп, Махаббаттарыңыз мәңгі болсын", "Айжанға сондай махаббат көздерімен қарайды", "Көз тимесін", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2064252-ozinmen-gana-baqyttymyn-atysuly-baizaqova-kuieuine-maxabbatyn-zetkizdi-video/