Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әке тәрбиесін көрмедім": Өктем Алтаев 31 жасында жесір қалған анасы туралы айтты

Жарияланған күні:

Өктем Алтаев
Өктем Алтаев. Фото: instagram.com/oktem_altayev

Әнші Өктем Алтаев отбасы жайлы жан сырын ақтарды. Өнер иесі "Менің өмірім" бағдарламасында әке тәрбиесін көрмегенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, оның анасы 31 жасында жесір қалған.

"Біз бес ағайындымыз. Бірақ менің алдымдағы ағам бала кезінде шетінеп кетті. Төрт ұлмыз. Әкем ерте қайтыс болды. 34 жасында өмірден өтті. Анам 31 жасында жесір қалды. Әке тәрбиесін көрмедім. Ана тәрбиесінде өстім. Алайда әкемнің сөздері әлі күнге бізге бағыт-бағдар беріп отырады", - деді Өктем Алтаев.

Сонымен қатар әнші тегінің Алтаев болып кеткенін, алайда атасының есімі Әлтай болғанын да атап өтті.

"Атам соғыс кезінде тылда жұмыс істеген. Негізі есімі - Әлібек. Жеңгелері Әлтай деп еркелеткен. Ә деген әріп жоқ. Алтай деп жазып жібереді. Содан Алтаев болып кеттік", - деді Өктем Алтаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2064282-ake-tarbiesin-kormedim-oktem-altaev-anasynyn-31-zasynda-zesir-qalganyn-aitty/