Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұптарың жазылмасын": Шерхан Пірназар ерекше отбасылық видеомен елді сүйсінтті

Жарияланған күні:

Шерхан Пірназар отбасымен
Шерхан Пірназар отбасымен. Фото: Instagram/sherhanpirnazar

Отандық танымал актер Шерхан Пірназар желіде ерекше отбасылық видео жариялап, елді тәнті етті. Қалың көпшілік жұлдызды жанұяға тамсанып, оларға жылы лебізін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шерхан Пірназар әйелі мен балаларымен түскен видеосын Instagram парақшасында жариялады. Онда жұлдызды жанұяның бірнеше образ ауыстырғанын көруге болады. Оған қоса актер келіншегі мен қызына әдемі гүл шоғын тарту еткен.

Желі қолданушылары актердің отбасына тәнті болып, бейнежазба астына түрлі пікір қалдыруда.

"Керемет актер, үлгілі жанұя", "Бақытты күндерің көп болғай", "Сондай керемет көрініс", "Көз тимесін, бала-шағаңыздың қызына тоймай жүре беріңіз", "Жұптарың жазылмасын", "О сы жұпқа ерекше қызығамын", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2064349-zuptaryn-zazylmasyn-serxan-pirnazar-erekse-otbasylyq-videomen-eldi-suisintti/