Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жақсы көрем": Жанель Мақажанның күйеуі сүйінші жаңалығын бөлісті (фото)

Жарияланған күні:

Жанель Мақажан мен Абай Асылхан
Жанель Мақажан мен Абай Асылхан. Фото: instagram.com/abay.asylkhan

Актриса Жанель Мақажан арадағы біраз үзілістен кейін үлкен сахнаға қайта оралды. Бұл жайлы оның күйеуі Абай Асылхан Instagram-дағы парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Аманатым орамалға келгелі және декреттік демалысқа шыққалы, үлкен сахнадан көрінбеді. Кеше Шымкент қаласында өткен әйелдерге арналған форумда спикер болды", - деді Абай Асылхан.

Актердің айтуынша, олар түні бойы ұйықтамай, уайымдап, спикер болуға дайындалып шыққан.

"Бірақ сахнаға шыққаннан кейін барлық керек сөзді айтып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бұл форум Қазақстанның барлық қалаларында болады. Сол себепті келіңіздер.

Сәнім, сенің қолыңнан барлығы келеді. Бұл - тек бастамасы. Мен сенің қасыңдамын. Қорғаймын демеймін, қолдаймын! Жақсы көрем! Жарқыра, менің жұлдызым", - деп жазды актер.

Естеріңізге сала кетейік, актриса Жанель Мақажан мен оның сүйіктісі Абай Асылханұлы 2021 жылдың маусымында мұсылманша некесін қидырған болатын. Жанель Мақажанның бірінші некесінен екі баласы бар.

Ал былтыр 18 қыркүйекте актриса Жанель Мақажанның үшінші перзентін өмірге әкелгені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2064505-zaqsy-korem-zanel-maqazannyn-kuieui-suiinsi-zanalygyn-bolisti-foto/