Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық әнші Арман Қоңырдың әкесі көз жұмды

Жарияланған күні:

Армаң Қоңыр
Армаң Қоңыр. Фото: instagram.com/armankonyr

Қазақстандық әнші Арман Қоңырдың әкесі дүниеден озды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әншінің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бір апта бұрын – қасиетті жұма күні менің тірегім, тілекшім, асқар тау, асыл әкем Қоңырбаев Қайрат Сегізбайұлы дүниеден өтті... Алла тағала өз рахымына алсын, жаныңыз жәннәтта болсын, Әке!", – деп жазды Арман Қоңыр Instagram парақшасында жариялаған жазбасында.

Ол суреттерді естелік ретінде қалдырғысы келгенін жазып, әкесімен түскен фотоларын әлеуметтік желіде жариялады.

"Әкеміздің жатқан жері жайлы болсын. Ол кісі жайлы тек жақсы нәрселер естідік. Алла рахымына алсын!", – деп пікір білдірді қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербоссынұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2065350-qazaqstandyq-ansi-arman-qonyrdyn-akesi-koz-zumdy/