"Қатты кетіп қалыпты": Балжан Бидаш отандық футболшының белінен не үшін ұстағанын айтты (фото)
Жарияланған күні:
Әнші Балжан Бидаш "Егіз лебіз" жобасында футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Ұлан Қонысбаевпен дуэт орындап жүр. Кезекті нөмірді сахналау барысында футболшы әншінің белінен ұстаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл жайлы Балжан Бидаш Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Кешегі шыққан нөміріміз бәріне ұнап жатыр екен. Жобада көрерменнің сүйікті жұбына айналғанымызға қуаныштымыз. Рақмет!
Бірақ белден ұстау деген әңгіме қатты кетіп қалыпты. Расында, режиссердің айтқанын істеп, қатты кетіп қалыпты. Ұлан да ыңғайсызданып жатыр", - деп жазды Балжан Бидаш.
Сонымен қатар әнші Ұлан Қонысбаевтың жазған хатын да көрсеткен.
"Режиссердің айтқанын істедік деп қоймадың ба", - деп жазған футболшы Балжанға.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2065896-qatty-ketip-qaldyq-balzan-bidas-otandyq-futbolsynyn-belinen-ne-usin-ustaganyn-aitty-foto/