Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыз өзін жақсы ұстаса, мұндай әңгіме болмас еді": Аша Матай Еспановтың ұлына қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Аша Матай
Аша Матай. Фото: Instagram/asha_matai

Белгілі тележүргізуші Аша Матай танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлына қатысты даулы оқиғаға пікір білдірді. Өнер иесі бұл жағдай жұлдызды жанұяға аса ауыр тигенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аша Матай "Taboo" бағдарламасында Нұрлан Еспановтың отбасы жайлы сөз қозғап, ұлының жаман қылықтарын байқамағанын айтты. Тележүргізуші аталмыш жағдай әншінің баласын жаман атты етіп көрсету үшін әдейі жасалынған дүние болуы мүмкін екенін жеткізді.

Сонымен қатар Аша қыз баласы өзін жақсы ұстаған жағдайда оған мұндай әңгіме айтылмас еді деп есептейді.

"Бұл жағдай жайында естідім, оқыдым. Күйеуім екеуміз бұл мәселені талқыладық. Бұл баланы жақсы танимын деп айта алмаймын. Ата-анасын жақсы білемін. Нұрлан ағаның қасында бірнеше рет көрдім. Ондай жаман қылықтарын байқаған емеспін. Нұрлан ағаны жақсы танимыз, өте керемет жан. Отбасын, жұбайын да жақсы танимыз ғой. Білмеймін, бәлкім бұл Олжасты жаман атты ету үшін әдейі жасалынған дүние шығар. Әр түрлі жағдайлар болады ғой. Бірақ бұл қыздың жасаған қылығы шығар. Егер қыз өзін жақсы ұстаса, оған ондай әңгіме жазылмас еді деп ойлаймын. Балалықпен де жасалған да шығар. Сөгіп айта алмайсың. Себебі ертең бізді не күтіп тұрғанын білмейміз. Бұл отбасы үшін қиын жағдай. Осындай жағдай болмаса екен деймін. Тезірек бұл тақырып жабылып, ұмытылса екен", - деді Аша Матай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2065980-qyz-ozin-zaqsy-ustasa-mundai-angime-bolmas-edi-asa-matai-espanovtyn-ulyna-qatysty-pikir-bildirdi/