Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қашып құтыла алмайсың": Талғат Жорабаев бұрынғы жездесі жайлы айтты

Жарияланған күні:

Талғат Жорабаев
Талғат Жорабаев. Видеодан кадр: "Менің өмірім" бағдарламасы

Осыған дейін Алтынай Жорабаеваның бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықов жүрегіне күрделі ота жасатқан болатын. Әншінің інісі Талғат Жорабаев бұрынғы жездесі жайлы "Менің өмірім" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Көрген жерде амандасып тұрамыз. Әлеуметтік желіден оқимыз ғой. Аман болсын. Сырқатынан айығып кетсін дейміз. Өйткені, жиендерімнің әкесі. Мен өмірімнен алып тастаймын дегенмен, бәрібір қыздардың әкесі болып қалады. Одан ешқайда қашып құтыла алмайсың. Алла әпкемнің тағдырына жазды. Жазулы күйде қалды.

Аман болсын! Ешкімге жамандық тілейтін адам емеспін. Әке-шешеміздің тәрбиесі ондай емес. Барынша аман болсын, ешқашан ауырмасын деп жүреміз", - деді Талғат Жорабаев.

Еске сала кетейік, ақпан айында Сәбит Әбдіхалықовтың жүрегіне 5 сағатқа созылған ота жасалған болатын.

Айта кетейік, Алтынай Жорабаева осыдан бірнеше жыл бұрын бірінші жұбайы Сәбит Әбдіхалықовтан ажырасқан болатын. Төрт қызымен қалған әнші 2020 жылы қайта тұрмысқа шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2066145-qasyp-qutyla-almaisyn-talgat-zorabaev-buryngy-zezdesi-zaily-aitty/