"Ет асып, шай-тамағын беремін": әнші Шахизада сүйіктісі бар екенін растады
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Шахизада "Махаббатпен сырласу" бағдарламасына ашыла сұхбат беріп, жеке өміріндегі жаңалығын жария етті. Өнер иесі бүгінде жалғыз емес екенін алға тартып, сүйіктісін жолықтырғанын айттты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бүгінде өзін жақсы көретін азаматты жолықтырған Шахизада қарым-қатынасы жайлы жан сырын ақтарды.
"Өзімді жақсы көретін адам бар. Күнде қасымда болмаса да, аптасына екі рет жолығып тұрамыз. Жұмыс бабымен іс-сапарларға кетеді. Менің де жұмысым тығыз. Сол екі аралықта жолығып, әңгімелесеміз. Уақыт табуға, бір-бірімізге жылы сөз айтуға тырысамыз. Ет асып, шай-тамағын беремін. Өзімді әйел ретінде сезінемін. Одан басқа ер-азаматқа не керек?! Ең бастысы жалғыз емеспін. Мені жақсы көретін азаматты жолықтырдым", – деді әнші.
Өнер иесі сүйіктісімен бақытты болғанымен болашақта тұрмысқа шығуға ниетті емес екенін жеткізді.
"Өзім үшін өмір сүремін. Бірақ тұрмысқа шықпаймын. Әйел болғаннан кейін қасыңда сүйіктіңнің болғанына не жетсін?! Өнер адамдарының бәріне махаббат керек. Махаббат болса керемет әндер дүниеге келеді. Менің репертуарым да махаббат туралы әндермен толықты", - деді әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2066589-et-asyp-sai-tamagyn-beremin-ansi-saxizada-suiiktisi-bar-ekenin-rastady/