Әзілкеш Нұржан Төлендиевтің отбасы жиен немересінің бесігін апарды (фото, видео)
Жарияланған күні:
Былтыр желтоқсан айында танымал әзілкеш Нұржан Төлендиев жиенді болған еді. Өнер иесінің отбасы жиен немересін бесігін апарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бесік тойдың естелігін әзілкештің қызы Қорлан Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
"Бесігің құтты болсын, алтын қызым", - деп жазды Қорлан.
Видеодан бесік тойдың мейрамханада өткенін байқауға болады. Тойда суретке түсетін алаңды ақ пен қызғылт түсті шарлармен әрлеген.
Сондай-ақ олар бесік тойға арнайы үш қабатты торт дайындатқан.
Сонымен қатар жаңа туған Бегім-айға нағашыларының киімі мен ойыншықтарын, бесік арбасы мен бесігін, тамақ ішуге арналған орындығы мен велосипедін және тағы да басқа қажеттіліктерін әкелгенін көруге болады.
Айта кетейік, елімізге танымал әзілкеш Нұржан Төлендиев былтыр қызы Қорланды ұзататынын мәлім етті. Кейін жаңа құдаларымен танысқан өнер иесі ұзату тойында қызын ел алдына өзі алып шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2066598-azilkes-nurzan-tolendievtin-otbasy-zien-nemeresinin-besigin-apardy-foto-video/