Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірге шай ішкен емеспіз": Роза Рымбаева Есқалиева мен Жүнісоваға қатысты ойын айтты

Жарияланған күні:

Роза Рымбаева
Роза Рымбаева. Фото: "Жібек жолы" арнасы

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева өнердегі әріптесі Нағима Есқалиеваның Мақпал Жүнісова - халық әртісі емес" деген сөздеріне қатысты пікір білдірді. Өнер иесі екі әншімен де жақсы қарым-қатынаста екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Роза Рымбаева Есқалиева мен Жүнісованы да қатты сыйлайтынын, олардың дауысы мен сұлулығына тәнті екенін айтты. Десе де өнер иесі Мақпал Жүнісованың нағыз сұранысқа ие әнші екенін жасырмады.

"Нағиманың 70 жас мерейтойында “Мақпал халық әртісі емес” деген сөз тарады. Нағима олай айтпай-ақ қою керек еді. Ол халық әртісі, халықтың сүйіктісі. Ол бізге қарағанда анағұрлым сұранысқа ие әнші. Қандай ән таңдау керек екенін, оны кімге шырқау керек екенін біледі. Ол өз ісінің нағыз шебері. Үшеуміздің де сахнада жүргенімізге 50 жылдай уақыт болды. Бізде өзара сыйластық болу керек. Мен екеуінде қатты жақсы көремін. Нағиманың да, Мақпалдың да дауысы мен сұлулығына тәнтімін.

Олармен жақын араласатыныма қуаныштымын. Бірақ үшеуіміз отырып, бірге шай ішкен емеспіз. Десек те гастрольдерде сапарлас болып қаламыз. Егер қыздар Алматыда болса, мен шайға шақыруға дайынмын. Бір ғана нәрсе айтамын, біздің арамызда шығармашылық бәсекелес бар. Оның болғаны да жақсы. Бір өнер жолында жүргенімізбен саламыз әртүрлі. Репертуарымыз, бағытымыз бөлек. Даусымыз ұқсамайды. Нағима екеуіміздің достығымыз "Гүлдер" ансамблінен бері келе жатыр", – деді әртіс Динара Сәтжанға берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2066625-birge-sai-isken-emesiz-roza-rymbaeva-esqalieva-men-zunisovaga-qatysty-oiyn-aitty/