Еркін Нұржанов: Биыл бірінші рет 8 наурызда әйелімнің жанында болдым
Жарияланған күні:
Әнші Еркін Нұржанов көпшілік назарынан тыс қалу себебін айтты. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Шығармашылық үзіліс болғаны рас. Ол енді әдейі жоспарланған үзіліс емес. Ешкімге ренішім жоқ. Өнерден алыстайын демедім. Өмірдің реті солай болды. Өнерден алшақтауыма жаман әдеттер себеп болмады. Шығармашылығымның үзіліс алған уақыты деп қабылдаймын.
Жеке өмірімде де көшіп-қондық, бала-шағаға көңіл бөлдім. Биыл 8 наурыз мерекесінде алғаш рет әйелімнің жанында болдым. Әдетте мереке қарсаңында жұмысымыз көбейіп кетеді ғой. Қыздарымның сұрағанын әпердім", - деді Еркін Нұржанов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Еркін Нұржанов өзінен 14 жас кіші келіншегімен қарым-қатынасы қалай басталғанын айтып берген болатын. Өнер иесінің сөзінше, сүйіктісі 11 сынып оқып жүргенде көзіне түскен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2066745-8-nauryzda-algas-ret-aielimnin-zanynda-boldym-saxnadan-korinbei-ketken-erkin-nurzanov-qazir-qaida-zur/