Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екеуміз де қырсықпыз": Аша Матай отбасындағы жанжал қалай шешілетінін айтты

Жарияланған күні:

Аша Матай мен Арман Қоңыр
Аша Матай мен Арман Қоңыр. Фото: instagram.com/asha_matai

Отандық танымал әнші әрі тележүргізуші Аша Матай отбасылық өмірі жайлы жан сырын ақтарып, күйеуі екеуі жанұядағы жанжалдарды қалай шешетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Аша Матай күйеуі Арман Қоңырбаев екеуіне бір мәмлеге келу қиын екенін жасырмады. Өнер иесінің сөзінше, жолдасы екеуінің де қырсық мінезі бар.

"Екеуміз де қырсықпыз. Тез татуласа қоймаймыз. Басқа жұптар секілді жарты сағаттан кейін түк болмағандай сөйлесіп кете алмаймыз. Мен кінәлі болсам да, ол бірінші қадам жасайды. Уақыт өте келе әйел заты болғаннан кейін жұмсақ сөйлеп, жұмсақ жауап беретін болдық. Оған да үйрендік. Ол бір күндік жұмыс емес. Сүйіктің, отбасың үшін өзгеру керек деп ойлаймын. Отбасы болу оңай, үй болу қиын деген бекер айтылмаған. Арман екеуміз де қызғаншақпыз. Бірақ күйеуімнің ел алдында жарқырап жүргенін қалаймын. Орынсыз қызғанбауға тырысамын", - деді тележүргізуші "Taboo" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2066766-ekeumiz-de-qyrsyqpyz-asa-matai-otbasyndagy-zanzal-qalai-sesiletinin-aitty/